• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2016

Женевадағы қайырымдылық жәрмеңкесі

191 рет
көрсетілді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Женева қаласындағы Ұлттар сарайында БҰҰ-ның қамқоршы болуымен жыл сайынғы халықаралық қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл қайырымдылық акциясы Женевада тіркелген дипломатиялық корпус және жергілікті тұрғындар үшін маңызды мәдени іс-шараның бірі болып табылады. Оның ашылу рәсімінде БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Майкл Меллер сөз сөйледі. Ал жәр­меңкеге қатысушылар мен қонақтар онда қойылған жә­не ұсынылған барлық ел­дер­­дің мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысуға мүм­­кіндік алды. Шара ба­ры­сында, сондай-ақ түр­лі халықтардың ұлттық му­зыкалары ойналып, билері орын­далды. БҰҰ-ның жоғары деңгейде өткен қайырымдылық жәр­мең­кесін ұйымдастыруға Қаза­қстан Республикасының Женевадағы тұрақты өкілдігі де белсене қатысты. Қонақтар назарына Қазақстанның ұлт­тық мәдениеті мен тарихы­нан жан-жақты ақпарат бе­ретін, сондай-ақ еліміздің халық­аралық бастамаларынан хабардар ететін баспа материалдары және Қазақстан халқының бай асханасы ұсынылды. Ал қайырымдылық акциясынан жи­налған қаражат әлемнің түр­лі елдеріндегі көмекті қа­жет ете­тін балаларға жібе­ріледі. «Егемен-ақпарат»