• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2016

Полицияның қолы ұзарды

132 рет
көрсетілді

Полицияның жұмысы қашанда қарбаласқа толы. Қазіргі жағдай тәртіп сақшыларына өте қырағы әрі сақ болуды қажет еді. Өз кезегінде мемлекет те қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген полицияның жағдайын жасаудан еш аянып қалған емес. Міне, ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­дық мерекесі қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкі­рекбаев жергілікті полиция қыз­мет­кер­лері­не жаңа 83 қызметт­ік көліктің кілтін табыс етіп, тәртіп сақшыларының мере­йін көтеріп тастады. – Биыл барлық облыстарда тәр­тіп сақтау мен құқық бұзу­шы­лық­тар профилактикасын жүзе­ге асыратын жергілікті поли­ция қыз­­меті құрылды, – деді Кәрім Көкі­­рек­баев. – Оларға жеке әкім­шілік ғи­марат бөлі­ніп, оған жөн­деу жұмыстары жүр­гізілді. Ағым­дағы жылдың он айында өңірде тіркелген  қылмыс­тық құқық бұзу­­шы­лықтардың көр­сет­кіші 11 па­­йызға төмендеді. Сон­дай-ақ, аса ауыр қылмыстар, қо­ғам­­­дық орын­дарда, көшелерде жа­сала­тын және бөтен мүлікті ұрлау деректері азайды. Бұл, әрине, про­фи­лак­ти­ка­лық жұмыстардың кү­ше­­йіп, қыл­мыс­тардың алдын алу­ға тиім­ді істердің өз деңгейінде атқа­ры­­­лып жат­қандығын көрсетеді. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Ағымдағы жылы ішкі істер де­пар­таментіне 6 миллиард тең­ге­ге жуық қаражат бөлінсе, оның ішін­де жергілікті полиция қыз­ме­тін қар­жыландыруға 557 миллион теңге қаралды. Жаңа 83 көлік­­тің 70-і жергілікті полиция қыз­ме­ті­не берілсе, қалған 13-і жедел бас­қару орталығына табыстал­ды. Ал Жамбыл облыстық ІІД бас­шы­­сы, полиция генерал-майоры Тіле­ген Маткенов қылмыспен кү­ресу­де жұмыс тиімділігін арт­ты­­рып, по­ли­цейлердің сапалы қыз­мет ат­қаруы үшін облыс бас­шы­лы­ғының үне­мі көмек көрсетіп келе жатқанын айтып, алғысын білдірді. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы