• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2016

Отырарда балабақша ашылды

330 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және «Ұлы Даланың 25 жұлдызды күні - Білім» акциясы аясында Отырар ауданының Арыс ауылында «Бибі - Ажар» балабақшасы ашылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Тәуелсіздік мерекесіне тарту ретінде ашылған балабақшаның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары «Ел боламын десең - бесігіңді түзе» деп, ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай отанын сүюге, ата-анасын сыйлауға, өз елін қадірлеуге баланы кішкентай кезінен бастап баулу керек. Бүлдіршіндердің тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлетін болсақ, болашақта білім мен тәрбие егіз болып, елдің болашағын көркейтетін азаматтар өсіп шығады. Бүгінгі күні «Балапан» бағдарламасымен ауданымызда 20 мемлекеттік, 5 жекеменшік балабақшалар өз жұмыстарын жасауда. Бүгінгі балабақшаның ашылуы және қуаныштарыңыз құтты болсын!» деді. Балабақшаның ашылу сәтінде ауыл ақсақалдары мен аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш салтанатты түрде лентасын қиса, Мырзахмет Темірбеков ақ батасын берді.