Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіби рингтегі бесінші кездесуін өткізді, деп хабарлады vesti.kz.
Польшада ол беларусьтік Владимир Харкевичпен жұдырықтасты.
Айта кетерлігі, Әли бұған дейін жекпе-жектерін уақытынан бұрын аяқтаған болса, өзге елде өткізген алғашқы кездесуінде төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды.