• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2016

AIBA жылдың үздік боксшысын анықтады

234 рет
көрсетілді

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) 2016 жылдың үздік боксшысы ретінде өзбекстандық Хасанбой Дусматовты таңдады, деп хабарлады vesti.kz. Ол 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2015 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ 2013 жылғы Дүниежүзілік Универсиаданың чемпионы. Ал Рио Олимпиадасында қосымша Вэл Баркер кубогының иегері атанған болатын. Айта кетейік, үздік боксшы AIBA-ның туиттерінде дауыс беру арқылы анықталды. Бастапқыда Данияр Елеусінов алда келе жатқан, дегенмен қорытындысында екінші орынға тұрақтады. Дусматовтың еншісінде 77 пайыз болса, Елеусіновте 18 пайыз. Үшінші орынға Рио Олимпиадасының тағы бір чемпионы Робейси Рамирес (56 кг) жайғасты. Кубалық боксшыға респонденттердің 5 пайызы дауыс берді.