• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2016

Қызылжарда 200-ден астам отбасы баспаналы болды

149 рет
көрсетілді

Петропавлда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында 55, 75 және 90 пәтерлі үш үй қолданысқа берілді. Қос мерекемен қуаныш иелерін облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады, деп хабарлады Baq.kz. «Әр адам үшін жайлы баспана – тұрақтылықтың, берекенің кепілі. Сондықтан, елімізде халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Біздің облыста жыл сайын тұрғын үй құрылысы артып келеді. Былтыр өсім 17%-ды құраса,биыл 20%-дан астам көрсеткішке жетіп отыр», - деді Ерік Сұлтанов. «Береке» шағын ауданындағы жаңа үйлер 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісімен салынған. Іс-шара барысында қоныс иелерін «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айжан Медеуова да құттықтады. «Біздің өңірде бағдарлама аясында 10 үй салынып жатыр. Оның үшеуін бүгін қолданысқа бердік. Әлі 7 үй бар. Солтүстік Қазақстан облысында біздің банкпен 24 мың келісімшарт жасалған. Сіздер бізге 10 миллиардтан астам қаражатты сеніп тапсырдыңыздар», - деді Айжан Медеуова. «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жергілікті атқарушы орган салымшылары арасынан 220 отбасына пәтер кілті табысталды.