• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2016

ОПЕК мұнай көлемін бақылап отыратын комитет құрды

129 рет
көрсетілді

ОПЕК ұйымы мұнай өндірісі көлемін бақылайтын комитет құрды, деп мәлімдеді abctv.kz басылымы Венадаға ОПЕК елдері мен оған кірмейтін мемлекеттердің жиынында сөз сөйлеген Катардың энергетика министрі Мұхаммед бин Салех ас-Садаға сілтеме жасап.  «ОПЕК өзінің 171-ші кездесуінде ұйымға мүше мемлекеттердің өндірісі көлемін бақылап отыратын комитет құрды. Құзіретті орган ұйымға кірмейтін мемлекеттердің де қаншалықты мұнай өндіретінін тексеріп отырады”, – деп мәлімдеді министр. Ертеректе Венесуэланың мұнай өнеркәсібі министрі Эулохио дель Пино ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттермен бірге мұнай өндірісін азайту туралы ортақ мәмілеге қол жеткізгеннен кейін осындай комитеттің құрылатынын мәлімдеген еді. Венесуэла министрінің айтуынша, комитет құрамында бес елдің министрлігі болады. Оның үшеуі ОПЕК елдерінен болса, екеуі ұйымға кірмейтін мемлекеттерден алынады. Айта кетейік, бүгін ОПЕК пен оған кірмейтін мемлекеттер бірігіп тәулігіне 1,8 млн баррель қара алтын өндірісін азайту туралы ортақ келісімге қол жеткізді. Соның 1.2 млн баррелі ОПЕК елдеріне тиесілі болса, қалған 600 мың баррелі ұйымға кірмейтін мемлекеттер мойнына жүктелді.