• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2016

11 желтоқсанға арналған ауа райы

276 рет
көрсетілді

Қазақстанның барлық аймағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, көктайғақ болады. Павлодар облысының басым бөлігінде жел күшейеді. Қарағанды облысында күндіз көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады. Ақмола облысында бұрқасындатып, желдің күші 18 м/с жетіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15/20 метрге жетеді. Маңғыстау, Атырау, түнде Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.