• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2016

Түркияда жарылыстан 30-ға жуық адам қаза тапты

154 рет
көрсетілді

Ыстанбұлдағы теракт салдарынан кемінде 29 адам мерт болған. Тағы 166 адам зардап шеккен, деп жазады RT-ге сілтемемен «Хабар 24». Мұны елдің ішкі істер министрі Сулейман Сойлу да растап отыр. Оның айтуынша, қаза тапқандардың 27-сі полиция қызметкерлері. Ол сонымен қатар, «Бешикташ» пен «Бурсаспор» командаларының арасында өтіп жатқан ойын кезінде футбол алаңының маңында болған жарылыстың мән-жайы толық анықталмағандығын айтты. Оның сөзінше, жарылыстың себебі жарылғыш зат қойылған көлік болуы мүмкін деген болжам бар.