• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2016

Таразда 80 отбасыға пәтер кілті табысталды

311 рет
көрсетілді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Таразда «Арай» тұрғын үй алабындағы жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. «Арай» тұрғын үй алабындағы құны 447,8 млн теңге болатын 80 пәтерлі үй «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында салынды. Құрылысты «Агроспецстрой» ЖШС жүргізді. Үй Қазақстан Республикасының «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында салынды. Жаңа әлеуметтік пәтерлердің кілттеріне пәтер кезегінде тұрған 80 отбасы ие болды. Өзінің жаңа пәтерінде дастарханын жайған еңбек ардагері Ережепбай Жетібаев Елбасына халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалары үшін зор алғысын білдірді. «25 жылдың ішінде елімізде қаншама пәтер салынды. Мен пәтерді мемлекеттен алғаныма разымын»-деді ол. «Арай» тұрғын үй алабындағы көппәтерлі тұрғын үй салу жұмыстары 2014 жылы басталды.