• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2016

Елбасы Ердоғанға Ыстанбұлдағы терактіге байланысты көңіл айтты

148 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Реджеп Ердоғанға Ыстамбұлдағы терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Жеделхатта Мемлекет басшысының қайғылы оқиғаны зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Түркия халқына көңіл айтып, жараланғандардың тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Еске сала кетейік, бүгін түнде Ыстамбұлда бірден екі теракт болып, қаза тапқандардың саны 29 адамға жеткен болатын. Оқиға орнындағы жергілікті телеарна мәліметінше, полицейлер отырған автобустың маңында миналанған көлік жарылып кеткен. Жарылыстан зардап шеккендердің барлығы - полицейлер. Ал кейінірек Түркия президенті Ыстамбұлда болған терактіге байланысты мәлімдеме жасады. Агенттіктің мәліметінше, Ердоған террористік акт қауіпсіздік қызметіндегілер мен бейбіт тұрғындарға қарсы ұйымдастырылғанын айтты. Сонымен қатар, президент Түркияның террористік ұйымдармен әлі де күресіп жатқанын айтты. Ердоған Түркияның бұл лаңкестерді жауапкершілікке тартатынын айтып өтті.