• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2016

Түркиядағы жарылыстан фоторепортаж

157 рет
көрсетілді

Түркиядағы лаңкестік оқиғасы полиция қызметкерлеріне қастандық ретінде жасалған, деп хабарлайды Yeni Safak ақпарат агенттігі. Шейіт болған 27 полиция қызметкерінің арасында Ыстамбул қалалық арнайы қауіпсіздік қызметінің басшысы Вефа Каракурду да бар. Оқиға орнында болған полиция қызметкерінің әріптесінің мойнына асылып егіле жылағанын көрген жанның бей-жай қалуы мүмкін емес. Оқиға орнына Үкімет мүшелері де келіп жеткен. Соның ішінде Үкімет басшысының орынбасары Нуман Куртулмуш, ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлы, денсаулық сақтау министрі Режеп Ақтау мен отбасы және әлеуметтік саясат министрі Фатима Бетүл Саян Кая бар. Төмендегі суретте премьер-министрдің орынбасары Нуман Куртулмуш. Жарылыс болған жерде екі метр тереңдікте шұңқыр пайда болған.