• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2016

Еуроодақ Түркиядағы оқиғаны "лаңкестік" демейді

128 рет
көрсетілді

Түркиядағы терактіге байланысты әлем елдері түрік жұртына көңіл айтып жатыр. Еуроодақ көңіл айту жеделхатын жолдағанымен, оқиғаны теракт деп танымайды, деп хабарлайды Yeni Safak агенттігі. "Бірінші болып көңіл айтқан елдердің қатарында Қазақстанмен қатар АҚШ, Канада, Ұлыбритания мемлекеттері және БҰҰ мен НАТО ұйымдары бар. Олардың бәрі қайғылы оқиғаны толығымен айыптайтынын айтып, мұны ұйымдастырушылардың терроршылар екенін мәлімдеді," - деп жазады агенттік. Агенттіктің хабарлауынша, Еуропа одағы "Түркияға шын көңілмен қайғыра көңіл айтатынын" жазғанымен, жеделхатта "теракт" сөзін пайдаланбаған.