• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2016

Қырғызстанда конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум аяқталды

296 рет
көрсетілді

Қырғызстанның барлық аймағында жергілікті кенештер сайлауы мен референдумда дауыс беру шаралары аяқталды, деп хабарлады kyrtag.kg. Алдын ала мәліметтер бойынша сайлаушылардың 80%-ы Конституцияға өзгерістер енгізу үшін дауыс берген. «Соңғы ақпар бойынша, 42,07%, яғни 1 млн 199 мың 941 адам дауыс берді. Ал сайлаушылардың 80%-ы конституцияға өзгерістер енгізуді қолдаса, шамамен 16%-ы бұған қарсы дауыс берді», – деді орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабеков Оның айтуынша, Бішкекте 43,4%, Ошта 28,44%, Жалал-Абад облысында 45,94%, Ыстықкөл облысында 40,1%, Нарында 46,14%, Ош облысында 42%, Талас облысында 48,44 %, Шуда 38, 28%, Баткен облысында 42,12% дауыс берді. Айта кетейік, Қырғызстан Республикасының конституциясына 30 толықтыру енгізу ұсынылып отыр. Сондай-ақ, заң бойынша, сайлаушылардың 30%-ы дауыс берген болса, референдум өткен болып есептеледі.