• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2016

Ауа райының қолайсыздығынан үш өңірде жолдар жабылды

237 рет
көрсетілді

Елімізде ауа райының қолайсыздығынан үш өңірде автожолдар жабылды, деп хабарлады ІІМ төтенше жағдайлар қызметі. Осылайша, Астанада 10 желтоқсан күні сағат 18:00-ден бастап, Астана-Көкшетау бағыты бойынша барлық көлік түрлері үшін жолдар жабылды. 11 желтоқсан, сағат 13:40-тан бастап, Астана-Павлодар, сағат 15:30-дан бастап, Астана-Қарағанды бағыттары бойынша жолдар барлық көлік түрлері үшін жабылды. Ақмола облысында 10 желтоқсан, сағат 12:30-дан бастап, Есіл қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін, 10 желтоқсан, сағат 18:00-ден бастап, Шортанды-Астана бағыты бойынша, 11 желтоқсан, сағат 13:45-тен бастап, Астана-Ерейментау-Шідертіден Павлодар облысының шекарасына дейін, сағат 15:20-дан бастап Астана қаласы бағытында Қарағанды облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлеріне жол жабық. Қостанай облысында сағат 18:00-ден бастап ауа райының күрт бұзылуына (бұрқасын, көрініс шектеулі) байланысты Қарағанды облысынан Арқалық қаласына дейін, Ақмола облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлері үшін жолдар жабық. Павлодар облысында сағат 18:00-ден бастап, бұрқасын мен жолдың көрініс аймағының шектеулі болуына байланысты Шідерті ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлеріне жол жабық.