• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2016

Елорда әкімі алыс сапарға шықпауға кеңес берді

164 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев ауа райының қолайсыздығына байланысты алыс сапарға шықпауға кеңес берді. Бұл туралы ол фейсбук парақшасында мәлімдеді. «Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Ертең жұмыс аптасы басталатындықтан, сондай-ақ, қар жауып, боран соғып тұрғандықтан, алыс сапарларға шықпауға және жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұраймыз», - деп жазды. Сонымен қатар, қардың молынан түсуі мен боранның салдарынан қаланың коммуналдық қызметтері барынша тартылып, тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын айтты. Қазіргі кезде 715 арнайы техника және 158 адам жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Астана-Көкшетау, Астана-Қарағанды және Астана-Павлодар тасжолдары жабылды. Синоптиктер дүйсенбі күні, яғни 12 желтоқсанда қар жауып, бұрқасын болады деген болжам жасады.