• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2016

Петропавлда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш үй пайдалануға берілді

131 рет
көрсетілді

Петропавлда 220 солтүстiкқазақстандық жаңа пәтерге ие болды, деп хабарлайды СҚО әкімінің баспасөз қызметі. Тәуелсiздiктің 25 жылдығы қарсаңында 55, 75 және 90 пәтерлi үш үй пайдалануға берiлдi. Қос мерекемен қуаныш иелерiн облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов құттықтады. «Әр адам үшiн жайлы баспана тұрақтылықтың, берекенiң кепiлi. Сондықтан, елiмiзде халықты қолжетiмдi тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесiне ерекше көңiл бөлiнуде. Бiздiң облыста жыл сайын тұрғын үй құрылысы артып келедi. Былтыр өсiм 17 пайызды құраса, биыл 20 пайыздан астам көрсеткiшке жетiп отыр», – дедi аймақ басшысы. «Береке» шағын ауданындағы жаңа үйлер 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ желiсiмен салынған. Iс-шара барысында қоныс иелерiн «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айжан Медеуова да құттықтады. «Бiздiң өңiрде бағдарлама аясында 10 үй салынып жатыр. Оның үшеуiн бүгiн қолданысқа бердiк. Әлi 7 үй бар. Солтүстiк Қазақстан облысында бiздiң банкпен 24 мың келiсiмшарт жасалған. Сiздер бiзге 10 миллиардтан астам қаражатты сенiп тапсырдыңыздар», – дедi Айжан Медеуова. «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ-ның жергiлiктi атқарушы орган салымшылары арасынан 220 отбасына пәтер кiлттерi табысталды. Салтанатты шарадан соң облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов қоныс иелерiнiң пәтерлерiн аралады.