• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2016

Абель Санчес Головкиннің келесі қарсыласы туралы айтып берді

163 рет
көрсетілді

Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес FightSpace-ке берген сұхбатында мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізу жөніндегі келіссөздер туралы айтып берді, деп хабарлады vesti.kz. «Бұл жөнінде промоутеріміз Том Леффлерден сұрағанымда Golden Boy-дан Оскар және Эрик Гомеспен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Бұл іс әлі жалғасып жатыр. Бірақ нақты шешім әлі қабылданбады», – деді Санчес. Головкиннің келесі қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс болуы мүмкін. «Джейкобсты орта салмақта әлемдегі екінші үздік боксшы деп санаймын, ал бірінші – Головкин. Джейкобс Дмитрий Пирогтан жеңілгеннен кейін сегіз қарсыласын нокаутқа жіберді. Рас, ол соққысы күшті, қауіпті қарсылас. Бірақ Головкинге осындай жігіттермен жұдырықтасуы керек. Әрине, олар келісіп жатса... Өкінішке орай, көбісі Геннадиге қарсы айқасқысы келетінін айтқанмен, іс жүзінде келісімшартқа қол қоймайды», – деді Абель Санчес.