Ыстамбулда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен қауіпсіздік мәселесі бойынша жиын өтті, деп хабарлайды Haberler басылымы.
Ыстамбулдағы Бешикташ ауданындағы Мабейн сарайында өткен жиын екі сағатқа созылды.
Шараға Түркия Үкімет басшысы Бинали Йылдырым, вице-премьерлер Нуман Куртулмуш пен Тугрул Түркеш, әділет министрі Бәкір Боздағ, отбасы және әлеуметтік саясат министрі Фатма Бетүл Саян Кая, сыртқы істер министрі Мәуліт Чавушұлы, энергетика және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрақ, ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлы және өзге де лауазымды тұлғалар қатысты.
Vodafone Arena стадионындағы лаңкестік оқиғасына байланысты аза тұту күні жарияланған еді. Алдын ала мәліметтер бойынша, лаңкестіктің кесірінен 38 адам көз жұмып, 155 адам жарақаттанған.