• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2016

ҚР Үкіметі жаңа «Нұрлы Жер» бағдарламасын талқылады

125 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметі қазақстандық отбасылар үшін баспана мәселесін шешудің жаңарған тетіктер қамтылған «Нұрлы Жер» бағдарламасын жасаған. Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында бағдарламаның басым бағыттары ипотекалық қарыздарды субсидиялау арқылы ипотекалық несие беруді қолдау, құрылыс компаниялары үшін қарыз мөлшерлемесінің бір бөлігін жабу жолымен жеке құрылыс салушыларды ынталандыру, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары және әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін несиелік тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту болатынын баяндады. Сондай-ақ, бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің өңірлік қорын құру, қажетті инфрақұрылым жүргізу арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту жоспарланған. «Нұрлы Жер» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады, оның ішінде 2017-2019 жылдары 274 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке жаңа міндеттер жүктеп, таяу болашақтағы басымдық берілетін жұмыстарды айқындап берген болатын. Үкіметке бірнеше мемлекеттік бағдарлама дайындау тапсырылды, оның ішінде нәтижелі еңбекпен қамту және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды шағын және орта бизнеске тарту бағдарламасы, 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы және «Нұрлы Жер» тұрғын үй салу бағдарламасы бар. Арнұр АСҚАР, "Егемен Қазақстан".
Соңғы жаңалықтар