• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2016

"Нұрлы жер" бағдарламасы тұрғын үй құрылысын дамытады - Мамин

214 рет
көрсетілді

"Нұрлы жер" бағдарламасы тұрғын үй құрылысын дамытуға маңызды серпін береді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары А.Мамин атап өтті. «Аталған бағдарлама тұрғын үй құрылысын дамытуға, отандық кәсіпорындардың құрылыс қуатын пайдалануға маңызды серпін береді және жергілікті мазмұн үлесін 90%-дан арттыруға дейін мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бағдарламада ұсынылған құралдар бүгінде жоқ екенін айта кету керек. Бұл құралдарды енгізу көппәтерлі баспана мен жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға маңызды серпін береді. Барлық тетіктері өңірлермен талқыланды, барлық ескертулер бағдарламаның соңғы редакциясында көрініс табатын болады. Біз оның құрылыста және қалаларымыздың заманауи келбетін қалыптастыруда өте маңызды болады деп санаймыз», - деді А.Мамин. Арнұр АСҚАР, "Егемен Қазақстан".