• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Абыройымыз биік, айбынымыз асқақ

271 рет
көрсетілді

Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікті көру, осы заманда өмір сүру бақыты бізге бұйырып отыр. Ширек ғасыр ішінде жаңа Қазақстан қалыптасты. Елбасының арқасында Қазақ елі әлем жұртшылығына танылып, барша мемлекет үлгі алып отыр. Елі­мізде тұратын барлық ұлт пен ұлыс өкілдері береке-бірлікте, ынты­мақта болуы үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осы­лайша біздің халқымыз бір шаңы­рақ астында тату-тәтті өмір сүре береді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын қарсы ала отырып Қазақстан әлем картасынан ойып орын алып отыр. Мемлекет басшысы, салиқалы сая­сатымен Қазақстан халқы­ның біріктірушісі бола білді. Елбасы­мыз «Қазақстан-2030» және «Қазақ­­­стан-2050» Стратегиялық бағдар­ламаларын қабылдап, еліміз­дің да­муы­ның нақты жолын ай­қындап берді. Қазақстанды әлемнің да­мыған 30 елінің қатарына қосуды көздейтін «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен бес институттық реформа бүгінгі күнде жемісті жүзеге асуда. Тәуелсіздік алған жылдар ішін­де Елбасының орман-тоғайлы жерлері мен таби­ғи-тарихи кешендерін қорғау мақ­са­тындағы «Ерекше қор­ғалатын табиғи аумақтар құру» жөніндегі игі бастамасын бүкіл ел қуана қуат­тап, ризашылығын білдірді. «Таби­ғатты сақтау – өз еліміз бен барлық адамзаттың өсіп-өркенде­уін қамтамасыз ету», – деген Елба­сының қанатты сөзі осының куәсі. Тәуелсіздік алған жылдар ішін­де бір ғана Алматы облысының өзін алғанда бес ұлттық табиғи парк­тің құрылуы еліме, жеріме деген аза­маттық парыздың биік шыңы екенін мойындауымыз керек. Кеңес­тік кезең мен тоқырау жыл­дарында бесжылдық жоспар сылтауымен орман-тоғайымыз аяу­сыз тоналып, аң-құсымыздың сансыз азайғаны шындық. Бүгінгі күнде ұлттық табиғи парктерді құру арқылы табиғатымызды қорғап қана қоймай, толағай табыс көзі  туризмнің дамуына кең өріс ашы­­лып отыр. Туризмнің дамуы үшін қа­жетті инфрақұрылымдар қата­рын­­да Елбасының бастауымен  «Нұр­лы жол» бағдарламасы іске асы­ры­­луда. Осы бағдарлама аясында Алма­ты – Көлсай республикалық маңыз­­ға ие автомобиль жолының жұмы­­сы биыл басталып, ел игілігіне 2018 жылы берілгелі отыр. Бұл өз кезе­гінде алыс және жақын шет ел­дер­­ден Көлсай, Қайыңды көл­дері­не келуші туристер мен демалу­шы­лар­дың легіне кең өріс ашатыны сөзсіз. Тарих үшін қас-қағым сәт болып саналатын 25 жыл ішіндегі жет­кен жетістіктерімізді саралай келсек, ҚР Парламенті пала­та­лары­ның бірлескен отырысында қа­был­дан­ған «Қазақстан Рес­пуб­лика­сы Тәуел­сіз­дігінің 25 жыл­ды­ғына ар­налған Декларация» шын мәнін­де тарихи құжат. Дек­ларацияда ай­тыл­ғандай, еліміз аз ғана уақыт ішін­де экономикасы қарқын­ды дамы­ған, өзге елдермен терезесі тең, тола­ғай та­быс­тарға жетудің бірегей тә­жі­­ри­­бесі бар мемлекет ретінде қалыптас­ты. Ұлы Дала елінің табиғат қор­ғау мекемелерінің қызметкер­лері Елбасымен бірге алдағы ай­қын мақсаттарға жетіп, гүлденген Қазақстанның азаматтары ретінде талай асулардан асатынына сенім білдіреміз. Әміржан МАЛЫБЕКОВ, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры