• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Қытайда Қазақстан кітап бұрышы ашылды

456 рет
көрсетілді

15 желтоқсанда Қазақстан мен Қытайдың өзара дипломатиялық қарым-қатынас орнатқандығына 25 жыл толуына орай Бейжіңдегі мемлекеттік кітапханада Қазақстан кітап бұрышы ашылды, деп хабарлайды Қытайдың «Халық торабы» ақпараттық порталы. Шараны Қазақстанның Қытайдағы елшілігі, Қытай мемлекеттік кітапханасы және Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы бірлесе ұйымдастырылған. Аталған іс-шараға Қазақстанның қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев, Қытай мемлеттік кітапханасының бастығы Хан Иұңжин, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының бастығы Үмітхан Мұңалбаева, жазушы, Қытай мемлекеттік саяси кеңесінің мүшесі Әкбәр Мәжитұлы және өзге де мәдениет саласындағы құрметті қонақтар қатынасып, сөз сөйледі. "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының дирекоры Үмітхан Мұңалбаева бұл кітап бұрышына Абайдың қара сөздері, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жазылған кітаптар, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы бастаған 200-ге тарта кітаптар қойылғанын атап өтті», деп жазады аталған ақпарат көзі. Суреттер «Халық торабынан» алынды