• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2016

Өңірдің жарқын өрнегі

113 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына 40-тан аса жұмыс сапарымен келіп, оның ішінде Түркістан қаласына 13 рет ат басын бұрған екен. Мем­лекет басшысының өңірге жұмыс сапарлары негізінде, об­лыс әкімдігінің тапсырысы бойынша, «Сақ» киностудиясы «Тәуелсіздік – тұғырым» атты деректі фильм әзірлеген. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып жарық көрген «Тәуелсіздік тебіреністері» шы­ғар­малар жинағы мен «Тәуел­сіздіктің 25 жұлдызды сәті» фо­тоальбомында, сондай-ақ, «Қа­зақстан жолы: Ұлт Көш­бас­­шысымен бірге 25 жыл бей­біт­шілік пен жасампаздық» атты кі­тапта түрлі жанрда жа­зыл­ған ма­қалаларда халықтың тұр­мыс-тір­шілігі, өңірдің ширек ғасыр­дағы жетістіктері Елбасы саясатымен байланыстырыла баяндалады. Жоғарыда аталған кітаптар мен деректі фильмнің тұсаукесер рәсімі Шымкенттегі «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітап­ханасында өтті. Салтанатты ша­­рада сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасы мен Тәуелсіздік егіз ұғым екенін айтты. «Өйткені, еліміздегі қайбір жетістік те Елбасының, елдің ерен еңбегімен тікелей байланысты. Мұны сіздер мерейтойға орай облысымызда шығарылып отырған бүгінгі кітаптардан да айқын аңғара аласыздар. Үш кітап та өңіріміздің соңғы 25 жылда жеткен жарқын жетістіктері туралы мағлұматтармен та­нысуға мүмкіндік береді», деді облыс әкімі. Сондай-ақ, ол Қазақ­станда Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көптеген игі іс атқарылғанын, құнды кітаптар шығарылғанын атап өтті. Жалпы, облыс басшысы рухани құндылықтарға, ғылымның дамуына ерекше мән беруде. Жастардың ғылыммен айналысып, ел дамуына үлес қосуға ықпал ететін жобаларды дайындауына барлық жағдайлар жасалған. Мысалы, жуырда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да болған Жансейіт Түймебаев оқу орындарының облыс эко­номикасының дамуына өз үле­сін қосуы керектігін атап айтты. Сол сияқты, осы универ­ситетте өткен «Қазақстан жо­лы: Ұлт Көшбасшысымен бір­ге 25 жыл бейбітшілік пен жа­сампаздық» тақырыбындағы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференцияда да шетелде, не болмаса, өзімізде білім алған білікті мамандар Отанымыздың, оның ішінде Оңтүстік өңірінің өркендеп, дамуына атсалысулары қажеттігі атап өтілді. Аталмыш конференция жұмысына 26 мемлекеттен 120-дан астам бел­гілі ғалымдар, сондай-ақ қазақ­стандық 30 университеттің ға­лым­дары қатысқан болатын. «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында тұ­сауы кесілген үш еңбектің бірі – «Қазақстан жолы: Ұлт Көш­басшысымен бірге 25 жыл бей­бітшілік пен жасампаздық» атты кітапқа ОҚМУ-да өткен ха­лық­аралық ғылыми конферен­цияда баяндалған ғылыми мақа­лалар енгізілген. Сондай-ақ, конференция барысында дүние­жүзілік ғылыми ортаға М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалым­дары­ның жаңадан ашқан ғылыми жаңалықтары таныстырылды. Асылбек ДОСАЛЫ ШЫМКЕНТ