• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2016

Біз құт қонған халықпыз

296 рет
көрсетілді

Еліміз үлкен бір белестен өтті. Ға­сырлар бойы армандаған жақсы күнге де жеттік. Қа­зір біздің тәуелсіздігімізге тату­лы­ғымыз, ауызбіршілігіміз тірек болып тұр. Біз құт қонған халық­пыз! Елбасымыздың баршамызды ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғымен құт­тық­тау жиынына ор­тақ­тасып қайттық. Мұндай тарихи салтанатқа куә болу – бар­шаға бұйыра бермейтін бақ. Бүкіл еліміздің жүріп өткен жолы, күрделі де қиын жылдар, жетістіктеріміз бен табыстарымыз көз алдымда тізіліп, тебіреніп отырдым. Шынын айту керек, Ел­басымыз өзінің елін халықаралық аренада абыройлы дұрыс жолмен алып келеді. Жер бетін шарпып жатқан түрлі кесапаттардан да мықты саясатының арқасында арашалап, халқын аман сақтап отыр. Ел азаматтарына Алла абырой мен қуат берсін! Тәуелсіздіктің 25 жылы – біздің буын­ның уақыт өлшеміне сыймайтын теңдессіз ерлігі. Осы мерейтойлық жылда Қазақстанның Біріккен Ұлт­тар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне сай­­­лануының символдық мәні бар. Пар­ламент Тәуелсіздіктің 25 жылдығы дек­ларациясы біздің ұлы жетістіктеріміз бен жеңісімізді айшықтаған маңызды саяси-құқықтық құжатқа айналды, деді Қазақстан Президенті. Мемлекетіміздің басшысы атап өт­кендей, біздің байлығымыз – тату хал­қы­мыз. Қазақстан халқы Ассам­блеясы барлық ұлтты қанатының ас­тына алып, басын біріктіре білді. «Ең бастысы, кез келген адам «Мен – қазақ­стан­дықпын, бұл – менің елім, мен мұнда бақытымды таптым!» деп айта алатын әділетті қоғамды орнаттық», деп отыр ғой. Расында осы жиынның өзінде отан­­дастарымыз ұлт­қа бөлінбей, қауқылдасып қа­у­ышып, ризашылық­пен бірін-бірі құт­тық­тап, қуанып жүрді. Бәрі де Қазақстаны­мыз аман бол­сын, тыныштық бол­­­сын деп тілеп отыр. Осы жеткен же­тіс­тіктерімізді одан әрі шегендеу үшін де бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, алға жүруіміз керек. Жас­та­ры­мыз арандатулардан, теріс пиғылды топ­тардан аулақ болса екен. Осы жиынның өзінде халқымыздың әл-ауқатын жақсартатын өте жақсы жа­ңалықтар жария болды. Естіген ел­дің көңіл күйі көтеріңкі.  Жәрдемақы, зей­нетақы көлемі артады. Жастарымыз да қалаған елінде қа­лаған оқуын оқып, халықаралық дең­гей­де білім алып жатыр. Заманы қандай өнермен айналысамын десе де мүмкіндік туғызып беріп отыр. Бизнеске барамын дегендеріне де жол ашық. Мемлекет көптеген бағ­дар­ламалар жасап, мұның да жолын жеңіл­детіп отыр. Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, КСРО халық артисі