• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2016

Басты байлық – бақ-береке мен табыс

829 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шет мемлекеттер басшыларынан құттықтаулар келіп түсуде, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. «Ширек ғасырда Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамудың өзекті мәселелерін шешу жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Ресей мен Қазақстанның байланысы тату көршілік, өзара құрмет, берік достық дәстүріне негізделіп, қарқынды дамып келеді. Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке мен табыс, ал барша Қазақстан азаматтарына бейбітшілік пен игілік тілеймін», – делінген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхатында. Қазақстан халқын республиканың Тәуелсіздік күнімен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин құттықтады. «Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа мен зор мән беремін және Қазақстанмен достығымызды қадір тұтамын. Достас Қазақстанның өсіп-өркендеп, қуатты мемлекет болуына ниеттестік білдіремін, ал оның халқына бақыт және береке-бірлік тілеймін», – делінген жеделхатта. Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқын мерейтоймен құттықтап, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық саласындағы еліміздің жетістіктерін ерекше атап өтті. Француз Республикасының Пре­зи­денті Франсуа Олланд та өз құт­тықтауын жолдады. «Қазақстан ширек ғасырда жа­һандық мәселелерді шешуге белсене атсалысып келе жатқан негізгі елдердің біріне айналды. Сіздің елдің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы – осыған дәлел. Мен Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың одан ары тереңдей түсетініне сенімдімін, – делінген құттықтау жеделхатында. Сондай-ақ, Словакия Респуб­ликасының Президенті Андрей Киска мен Болгария Рес­публикасының Пре­зиденті Росен Плевнелиев Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдіріп, мол табыс тілейді. «Сізге зор денсаулық, жауап­кер­шілігі аса жоғары қызметіңізге табыс, ал Қазақстан Республикасының азаматтарына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», – делінген Болгария басшысының құттықтау хатында. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық ме­рейтойына орай құттықтауларын жолдаған Чех Республикасының Президенті Милош Земан мен Фин­ляндия Республикасының Пре­зиденті Саули Ниинисто Қазақстанмен мем­лекетаралық үнқатысудың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген. Италия Республикасының Пре­зи­денті Серджо Маттарелла Астана мен Римнің тығыз және табысты қарым-қатынасына тоқтала келіп, жеке өзінің және бүкіл Италия халқының атынан барша Қазақстан азаматтарына бақ-береке тілейді. Пәкістан Ислам Республикасының Прези­денті Мамнун Хусейн, Ауған­стан Ислам Рес­пуб­ликасының Пре­зиденті Мохаммад Ашраф Ғани, Моңғолия Халық Республикасының Президенті Цахиагийн Элбэгдорж Қазақстан халқын жас мемлекеттің тәуелсіздік тарихындағы ұлы мере­кесімен құттықтап, елдеріміз арасын­дағы тығыз ынтымақтастық аясының одан әрі кеңейе беретініне сенім білдіреді. Тәуелсіз Қазақстанның қалып­тасуы мен дамуы жолында Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды рөл атқар­ғанын өз құттықтауларында Үндістан Республикасының Президенті Пра­наб Мукерджи, Таиланд Королі Маха Вачира­лонг­кон және Вьетнам Социалистік Респуб­ли­касының Президенті Чан Дай Куанг атап өткен.