• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2016

16 желтоқсанға арналған ауа-райы

259 рет
көрсетілді

Қазақстанның басым бөлігінде астмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерге қар жауып, оңтүстік өңірлерге қар қалың түсуі ықтимал. Тек батыс пен солтүстік-батыста ғана қар жаумайды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. Еліміздің бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Алматы облысында желдің күші күндіз секундына 17-22, Жалаңашкөл аймағында 20-25 метрге дейін жетеді. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 метр/секундты құрайды. Батыста 30 метр/секундқа дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында желдің күші секундына кей жерлерде 15-20 метрге дейін барады. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ, болады. Желдің күші секундына 23-28 метр. Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Қарағанды облысында төменнен бұрқасындатып, тұман, көктайғақ болады. Желдің ұйытқуы секундына 15-20 метр. Қызылорда облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақмола облысында бұрқасындатып, жел 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.