• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2016

Данияр Елеусінов қазақ елін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

275 рет
көрсетілді

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Боксшы сондай-ақ, еліміздің әнұранын әрқашан шырқатып жүруге уәде берді. «Еліміздің мерейлі мерекесі – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құтты болсын! Барша қазақстандықтарды шын жүрегіммен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Біз, жастар тәуелсіз елімізге қызмет етеміз. Спортшылардың атынан алдағы уақытта еліміздің абыройын биік ұстап, Туымызды жоғары көтеріп, әрқашан әнұранымызды шырқатып жүре береміз деп сөз беремін. Үлкен жарыстарда тек жеңіспен ғана оралатын боламыз. Сондықтан, жеңісті күндерде жолығайық!», – деді Д.Елеусінов. Айта кетейік, күні кеше Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында Д.Елеусінов жастардың ұранын ресми түрде бекітуді ұсынды. «Әлемдегі көптеген мемлекеттердің ұрандары бар. Жастарды жігерлендіріп, азаматтарды біріктіретін бірақ ауыз сөз. Біздің бабаларымыз да ұран шақырылғанда бір тудың астынан табылған. Осыған байланысты спортшылардан өзіңізге ұсыныс бар. «Қазақстан, тек қана алға!» деген сөзіңізді еліміздің ресми ұранына айналдырсақ. Бұл барша патриоттардың мәңгілік ұраны болар еді», – деді ол. Президент Н.Назарбаев чемпионның бұл ұсынысын қолдады. «Мұны қолдаймын. Ұранымыз – «Алға, Қазақстан!» болсын», – деді Қазақстан Президенті.