• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2016

IBO жаңартылған рейтинг жариялады

212 рет
көрсетілді

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақ дәрежесі өкілдерінің жаңартылған рейтинг-тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. Аталған рейтингте Жанат Жақиянов жеңіл салмақтағы ТОП-100 тізіміне енбей қалды. Орта салмақта айқасатын Александр Журавский бір орын төмен түсіп, тізімде 85-ші орынды иеленді. Қанат Ислам 72-ші орынды иеленіп, бірінші орта салмақтағы дәреже кестесінде 21-ші позияға көтерілді. Бейбіт Шүменов пен Иса Ақбербаев өз позицияларын сақтай отырып, сәйкесінше бесінші және 39-шы орында тұр.