• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2016

Талдықорғанда мерекелік автошеру өтті

343 рет
көрсетілді

Талдықорғанда 25 автокөлік көк туымызды желбіретіп Тəуелсіздік көшесімен жүріп өтті. Автошеру шаһарға кіре берісте орнатылған Қабанбай батыр ескерткіші жанынан басталып, Қадырғали Жалайыри ескерткішіне дейін жалғасты. Айта кету керек, Талдықорғанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік - елдік пен ерліктің іргетасы» атты мерекелік шара барысында спорттық жарыстар, түрлі көрмелер, қазақ эстрадасы әншілерінің қатысуымен гала-концерт өтеді. Кешке эстрада жұлдыздары Мирас пен Құралай,  "Лашын" тобы арнайы келді.