• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2016

Астанаға монумент көптік етпейді - Назарбаев

144 рет
көрсетілді

Болашақта халқының саны үш миллионға жететін елордаға монумент көптік етпейді. Бұл туралы бүгін Астанада «Ұлы Дала елі» монументін салтанатты түрде ашқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Монумент 2017 жылы басталатын Экспо-2017 көрмесінің аумағында орналасқан. Яғни, миллиондаған туристер Қазақстан Тәуелсіздігі туралы білетін болды. «Құдай бұйыртса, ЭКСПО көрмесін ашқан кезде, дүниежүзінен миллиондаған туристер келіп, осы жерде жүреді. Сонда, мына монументке қарап, Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл екенін естеріне түсірер деп ойлаймын. ЭКСПО көрмесі қаланың бір ауданын алып жатыр. Қаланың көркін өзгертейін деп тұр. Болашақта халқының саны 3 миллион адамға жеткен кезде, халық көп барып, демалатын орындар керек. Дүниежүзіндегі астаналардың ешқайсысына мұндай монумент көптік етпейді», - деді Президент. Монументті салған құрылыс компаниясының мәліметіне сүйенсек, монумент 3 жарым ай уақытта салынған. Антика мраморынан салынған монументтің 25 қыры Тәуелсіздіктің 25 жылы туралы сыр шертеді.