• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
18 Желтоқсан, 2016

Қытайдың 24 қаласы экологиялық қауіптің қызыл деңгейін жариялады

212 рет
көрсетілді

Қытайдаң 24 қаласында ауа ластануының қызыл деңгейі белгіленді. Олардың қатарында Бейжің де бар, деп хабарлайды ТАСС. Бұл қалаларда көлік қозғалысы шектелді, құрылыс тоқтап, балабақшалар мен бастауыш мектептер жабылды. Өндіріс орындарына атмосфераға шығатын залалды заттарды шектеу тапсырылды. Ал қала тұрғындарына далаға шықпау ұсынылып отыр. Ең ірі смог Бейжің, Тяньцзинь қалаларының  Хэбэй, Хэнань, Шаньси жəне Шаньдун провинцияларында тіркелген. Xinhua агенттігінің хабарлауынша, экологиялық қауіпті ескертудің қызыл деңгейі бейсенбі күнге дейін сақталады.