Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен ЕЭК (Еуразиялық экономикалық комиссия) Кеңесінің отырысы өтті. Аталған отырыс 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қарсаңында өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Күн тәртібінде 19 мәселе қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушы елдер Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) сауда, экономика және қаржы саясаты, энергетика және инфрақұрылым, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, өнеркәсіп, техникалық реттеу саласында бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.
Комиссия Кеңесі отырыс барысында ЕАЭО аясында Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жүзеге асырудың нәтижелеріне жыл сайын мониторинг жүргізу және талдау туралы ережені бекітті. Құжат Өнеркәсіптік ынтымақтастық одағындағы дамытуды сипаттайтын сапалы және сандық көрсеткіштерді анықтауға, Негізгі бағыттарды жүзеге асыру жоспарларын орындауды талдау, оларды жүзеге асыру бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ, өнеркәсіптік кооперация және субконтрактацияның еуразиялық желісін құрудың тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдамада әлеуетті серіктестерді және субкелісімді тапсырыстарды жеткізушілерді іздестіретін басты ақпараттық және интеграциялық ресурс ретінде мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірыңғай тізілімі негізінде еуразиялық желі құру көзделген.
Кеңес мүшелері ЕуразЭО-ға мүше мемлекеттердің Комиссияға ЕуразЭО-нің кедендік аумағына өткізілетін тауарлар туралы ақпаратты ұсыну тәртібін қарастырды.
Мұндай өзара іс-қимыл статистикалық мәліметтерді іске асыруға, сонымен қатар уақытылы ЕвразЭО-ның өндіруші елдерінің мүдделерін ілгерілету бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың әрі қарай дамуына бағытталған өзара тиімді шешімдерге қол жеткізілді.
Алдында айтылғандай, а. ж. 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында Мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.
Жоғары кеңес отырысы аясында ЕуразЭО-ның Кедендік кодексіне қол қою жоспарланған. Аталған құжаттың қабылдануы ЕуразЭО аясында кедендік рәсімдердің толықтай кешенін реттеуге мүмкіндік береді. ЕуразЭО-ның халықаралық қызметі туралы сұрақтар топтамасына ерекше назар аударылады.
Бұдан өзге, Жоғары кеңес отырысы аясында Мемлекет басшылары ЕуразЭО-ның жалпы электр-энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасын қарастыратын болады. Оны жүзеге асыру интеграциялық бірлестік аясында электр энергиясымен еркін сауда жүргізуге қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Мемлекет басшылары үйлестірілген көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін қарастырады.
Жоғары кеңес отырысы аясында Қызмет көрсету секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын, сондай-ақ Сауданы қызмет көрсетулермен, мекемелерді және қызметтерді реттеу ережелерін бекіту жоспарланған.