• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2016

Елордада жаңа жылға дайындық қызу жүріп жатыр

327 рет
көрсетілді

Астанада Жаңа жылды қарсы алуға қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мереке қарсаңында қала түрлі түсті инсталляциялармен, жарқырайтын аркалармен және мүсіндермен безендірілді. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына мейрамның сиқырлы атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Биыл елордада 16 шырша орнатылды, бұған қоса, жергілікті бизнесмендер де өздеріне тиесілі аймақтарға шыршалар орнатты. Қаланы безендіруде жылда бірыңғай түсті шешім таңдап алынады, биыл көгілдір түске басымдық берілді. Безендірудің жаңа тұжырымдамасы құрылып, жаңажылдық сипаттағы жарқырайтын аркалар мен кронштейндер орнатылады. Жол қиылыстары мен жолайрықтардағы аралдар жаңа 3D кіші архитектуралық формалармен безендірілді. «Қазақ елі» алаңындағы, «Отан қорғаушылар» монументінің алдындағы, Оқушылар сарайының және Сарыарқа ауданы әкімдігінің алдындағы фонтандар ертегілік сипатта безендірілді. Жол бойындағы ағаштар жаңа үлгіде безендірілді, олар жарын-динамикалық шарлармен, жұлдызшалармен, ойыншықтармен көріктендірілді. «Астана» концерт залының алдында, Б. Момышұлы даңғылында және Сулы-жасыл бульварында тоннель түріндегі жарық инсталляциялары орнатылады. «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда «Сарай қабырғасы» атты композиция орнатылады. Есіл өзенінің жағалауын дайындауға ерекше назар аударылды. Ротондалар, жаяу жүргіншілер көпірі жаңажылдық иллюминациямен безендіріліп, жағалаудың бойымен мерекелік жарық аспасы орнатылды. Астаналықтардың қыста жиі баратын орны – мұз қалашықтары. Биыл елордада төрт негізгі қалашық жасалды. Олар «Хан Шатыр» СОСО-ның жанында, әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында және «Студенттер» саябағында.