• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2016

Алакөл ауданында майлы дақылдар өңдейтін зауыт ашылды

400 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алакөл ауданында «25 жылдыққа – 25 кәсіпорын» акциясының аясында «Алакөл – Нан» ЖШС-ның майлы дақылдар өңдейтін зауытын салтанатты түрде ашты, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Майлы дақылдардың барлық түрлерін өңдейтін зауыттың жалпы құны – 450 млн теңге, оның ішінде 130 млн теңгесі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған. Жобаның жалпы қуаттылығы тәулігіне 40 тонна майлы дақылдарды өңдейді. «Елімізде өсірілетін сояның 95 пайызы Алматы облысында өседі. Өңірімізде соя өңдейтін төрт зауыт бар. Бұл – бесіншісі. Елбасы елді мекендерде аса ауқымды болмаса да осындай 30-50 адамды жұмыс орнымен қамтитын шағын зауыттарды іске қосу қажеттігін тапсырған болатын. Сондықтан мұндай кәсіпорындардың санын әлі де көбейтетін боламыз», – деді облыс әкімі. Соя өсіретін шаруа қожалықтарының айтуынша, бұған дейін өсірген өнімдерін өткізетін орын табу қиындық тудыратын және өткізген күннің өзінде арзанға кететін. Ал жаңа ашылған бұл зауыт диқандардан өнімді 1 тоннасын 140 мың теңгеден қабылдайды. Бұл шаруалар үшін де аса тиімді болып отыр.