• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2016

Қазақстан мен Иран теңіз саудасын жандандырады

263 рет
көрсетілді

Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани арасындағы келіссөздерден кейін бірқатар құжаттар рәсімделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов пен Иран Ауыл шаруашылығы министрі Махмуд Ходжати екі ел Үкіметтері арасында ветеринария және жануарлар денсаулығын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, ҚР Инестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Иран Құрылыс және жол шаруашылығы вице-министрі Мохамад Сайид Нежад екі ел Үкіметтері арасында сауда мақсатында теңіз кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, ҚР Инестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Иран Президентінің орынбасары, Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының төрайымы Захра Ахмадипур өзара топтық туристік сапарларды жеңілдету туралы ведомствоаралық меморандумға, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев пен Иран Орталық банкінің төрағасы Валиулла Сейф ҚР Ұлттық банкі мен ИИР Орталық банкі арасында екіжақты сауданы ұйымдастыруға жәрдемдесу жөніндегі меморандумға, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Зариф еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімге қол қойды.