Бүгін "Егемен Қазақстан" редакциясында белгілі IT-маман, "Сұрақ-жауап" сайтының жетекшісі Ербол Серікбай Алматыдан арнайы келіп басылым журналистеріне жаңа медианың өзекті мәселелері жөнінде семинар-тренинг өткізді. Семинарда ақпараттық сайттарда контентті іздеу жүйелеріне лайықтап дайындау, материалдарды әлеуметтік желілер арқылы тиімді тарату әдістері, жалған ақпаратты анықтау жолдары, сурет және видеоны өңдеуде смартфонның мүмкіндіктерін пайдалану сияқты тақырыптар жан-жақты қамтылды.
Медиатренер қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Семинардан кейін Ербол Серікбайды "Егемен Қазақстан" басшысы Дархан Қыдырәлі қабылдап, алғыс білдірді.
"Егемен Қазақстан" газеті алдағы уақытта ақпарат саласының түрлі мәселелеріне арналған семинарларды дәстүрлі түрде өткізіп тұрмақ.