• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2016

«Астана» командасы албан футболшысымен толықты

134 рет
көрсетілді

«Астана» футбол клубы Албания ұлттық құрамасының шабуылшысы Аздрен Лулакуды сатып алды. Бұл тураы vesti.kz хабарлады. sport.ro ақпараты бойынша, «Газ Метан» командасының ойыншысына Түркияның екінші лигасында өнер көрсететін «Сивасспор» командасы қызығушылық танытқан болатын, тіпті алдын ала келісімге келгені де хабарланды. Сонымен қатар, албаниялық клуб трансфер үшін 100 мың еуро, ал футболшы 3,5 жылдық келісімшартқа қол қойып, жылына 275 мың еуро жалақы алуы тиіс болған. Дегенмен, соңғы сәтте Лулаку елордалықтардың сапына тегін ауысып, 2 жылдық келісімшарт жасауды жөн көрді. Мұнда оның айлық жалақасы 40 мың еуроны құрайды. Айта кетейік, Румыния чемпионатының осы маусымында 20 матчқа қатысып, 16 гол соққан. Осы көрсеткішпен ол үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр. Ал қазан айында Албания құрамасында дебюттік ойынын өткізді.