Мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.