• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2016

Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері жақсарды

227 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында қатерлі ісік аурулары бойынша өлім көрсеткіші 17,8%-ға төмендеп 65,5-% құрады, мақсатты индикатор – 87,1 (ҚР индикатор –93,5). Республика бойынша 9-орында. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады. Қатерлі ісік ауруларын ерте сатысында анықтау көрсеткіші  24,2%-ға жақсарып 55,3-ті құрады, мақсатты индикатор – 56,3 (ҚР индикатор –57,4). - Қан айналым жүйесі аурулары бойынша өлім көрсеткіші 11,3%-ға төмендеп 85,1-ді құрады, мақсатты индикатор – 135,0 (ҚР индикатор –203,1). Республика бойынша 11-орында. Ана өлімі көрсеткіші 85,3%-ға төмендеп, 6,4-ті құрады, мақсатты индикатор – 4,7 (ҚР индикатор –11,5). Республика бойынша 12-орында. Сәби өлімі көрсеткіші 1,0%-ға төмендеп 10,0-ді құрады, мақсатты индикатор – 11,0 (ҚР индикатор –11,0). Республика бойынша 1-орында,- деді Ақмарал Әлназарова. Жыл қорытындысы бойынша барлық 28 мақсатты индикатордың көрсеткіштеріне (10,7%) қол  жеткізу жоспарланып отыр. Көрсеткіштерді орындау бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Жыл қорытындысында индикаторлық болжам көрсеткіші жасалады,- деді басқарма басшысы.