• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2016

Қазақстанда келесі аптада күн жылынады

153 рет
көрсетілді

Синоптиктер 2016 жылғы 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Мамандардың болжауынша, Атлантикалық жылу қалыптан тыс аязды ығыстырады. "Қазақстанның көптеген облысында қар жаудыртқан циклон, Алтайға қарай жылжып барады. Оның ту сыртынан, климаттық нормадан 8-15 градус төмен температурасы бар аномалды суық ауа райы байланысты болған, антициклон кеңінен орын алды. Бірақ осы жексенбіде-ақ атлантикалық ауа массасының қысымынан республиканың батыс және солтүстік облыстарындағы аяз кейін шегініп, республиканың қалған аумағында келесі аптаның басында температураның көтерілуі күтілуде", - делінген хабарламада.