• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2016

Жас мамандар жұмыссыз қалмайды

297 рет
көрсетілді

Елбасы Н.Назарбаевтың: «Біз­дің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын қапер­ден шығармаған абзал», – деген сөзін басты қағидат етіп алған студенттеріміз теориялық білім­дерін егістік алқабында, оқу кор­пусының жанынан салынған жылы­жайда өндірістік жұмыспен ұштастыруда. Бұл орайда, М.Әуе­зов атындағы ОҚМУ-дың жоғары мектептері алға қойған ауқымды жоспарларын біртіндеп жүзеге асы­руда, яғни университет түлектерін ең таңдаулы, білікті де бі­лімді және сұранысқа ие ма­ман етіп шығару мақсатында қыз­мет етуде. Осы арада айта ке­телік, университет түлектерінің 86 пайызы жұмысқа орналасқан. Бұл көрсеткіш зейнетақы қоры арқылы анықталып отыр. Сондай-ақ, университет дуалды оқыту жүйесіне көшкен. Яғни, теория мен іс-тәжірибені қатар алып жүру, тиісінше теориядан гөрі тәжірибеге көбірек мән беру көзделіп отыр. «Ауылшаруашылық ғылымдары» Жоғары мектебі студенттеріне арнайы Түлкібас ауданынан 100 гектар жер балансқа алынды. Жоғары мектеп студенттері егін басында жүріп, барлық процестерді, яғни жерді өңдеу, техниканы игеру, егінді суару, өсіру, зиянкестермен күрес, арамшөптерден тазарту секілді жұмыстардың барлығын мамандардың кеңесімен атқару мүмкіндігіне ие. Жас мамандарымыздың сұра­нысқа ие болуына, еліміздегі барлық жоғары оқу орындарына үлгі және бәсекеге қабілетті халықаралық деңгейдегі білім ордасы Назарбаев Университет те септігін тигізуде. Біздің университет осы оқу орнының тәжі­рибелерін қолдануда. Атап айтсақ, 2014 жылы университеттегі 4 факультеттің базасында 4 жоғары мектеп құрылды. Бүгінгі таңда химиялық инженерия және биотехнология, ақпараттық технологиялар және энергетика, тоқыма және азық-түлік инженериясы, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы ғылымдары жоғары мектеп­тері нәтижелі жұмыс істеуде. Жоғары мектептердің барлығы Берлин техникалық университеті, Мюнхен техникалық универ­ситеті, Манчестер Метрополитен университеті, Вена малдәрігерлік медициналық университетімен стратегиялық серіктестікте қыз­мет атқарады. Жоғары мектеп құрылымында Академиялық және Салалық кеңесі, білім бағдар­ламаларын әзірлеу комитеттері, студенттерді академиялық қолдау ұйымдастырылған. Салалық ке­ңеске бейінді кәсіпорындардың басшылары мен жұмыс берушілер өкілдері енгізілген. Келешекте мектептің әкімшілік және қар­жылық қорларын құру аясында қызметкерлерді ынталандыру және қорды материалдық дамыту мәселесі жоспарланған. Қазіргі таңда мектепте алты кафедра жұ­мыс істеуде. Жоғары мектептің факуль­теттен айырмашылығы – жұмысында ерекшелік, жаңалық болуы шарт. Ең басты мақсат –түлектерді жұмысқа қабілетті, өндірістен хабары бар, жан-жақ­ты дайын маманға айналдыру. Жоғары мектептің маңызды мін­деттерінің бірі – кәсіби мамандар­ды дайындаудағы іргелі ғылымның орны мен рөлін жоғарылатудан келіп шығатын білім беруді ізгілендіру. Осыған байланысты дайындықты меңгеріп шыққан жоғары мектеп түлегі заманауи ақпараттар ағымын жылдам игеріп, өз іс-әрекетін дұрыс жолға қояды, яғни дұрыс пайдалана алады. Сондай-ақ, мектептің ішкі мәселелерді өз деңгейінде шешуге құқығы бар. Оқу бағдарламаларын ұстаздардың өздері жасайды. Ғалымдар мен облыстағы түрлі кәсіп­орын, мекеме басшыларынан іріктелген салалық кеңес құрыл­ған. Сол кеңесте студенттерге мемлекеттік стандартта бекі­тілген міндетті пәндерден бө­лек таңдау компоненті бойынша қосым­ша пәндер енгізу мәселесі қаралады. Яғни, әр өңірдің табиғи ерекшелігіне байланысты қо­сымша пәндер оқытылады. Мек­тепке берілген тағы бір ба­сым­дық – салалық кеңестің мүшелі­гінде кәсіпорын, зауыт, шаруа қожа­лықтарының басшылары бар. Олар болашақта жұмысқа орналасатын жас маманның қабілет-қарымын байып­тап, тереңірек меңгеруі тиісті саланы көрсете кеңес береді. Яғни, ертеңгі күні жас маманның жұ­мыссыз қалмауы жан-жақты ескеріледі. Еліміздің саналы да жоғары сапалы білімді жастарын тәр­биелеу мақсатында өзіміз ең­бек етіп жатқан білім саласы үлкен жетістіктерге қол жеткі­зіп отыр. Тәуелсіздік алған алғаш­қы жылдардан бері білім беру­ді халықаралық стандартқа жет­кізу мақсатында қаншама жұмыс­тар атқарылды және ол өз же­місін беруде. Бұл саладағы жоға­ры көрсеткіштерді, әлемдік дең­гейдегі жетістіктерімізді Елба­сы Н.Назарбаев жүргізіп келе жатқан салиқалы саясатпен тікелей байланыстырамыз. Мем­лекет басшысының білім саласына жасаған қолдауы жаста­рымыздың білімге деген құш­тарлығын жоғарылатып, биік мақсаттарға жетелейді. Жастар еліміздің болашағы деген қағидат тұрғысынан қарағанда дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін жас мамандарымыздың бәсекелестікке қабілетті, білімді болуы – уақыт талабы. Осы орайда, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті заман талабына сай және уақытпен үндесе, болашақтағы сұранысты алдын ала болжай отырып жастарға сапалы білім беруде. Жетпіс жылдан астам тарихы бар универсиет бейнелей айтсақ, тәжірибесі мол, ізденіс-талпынысы жиырма бестегі жастың қуаты мен тау қопарардай қайраты бар оқу орны. Университетте осы тәуел­сіздік жылдары енгізілген оң өзгерістер өте көп. Сол өзгерістер мен еселі еңбектің, үздіксіз ізденістің нәтижесінде оқу орны халықаралық «QS World Unіversіty Rankіng» агенттігі жариялаған 2016 жылдың рейтингі бойынша 601-орынды иеленді. Әлемнің 4322 жоғары оқу орындары арасындағы бәсекеде осы орыннан көріну жақсы нәтиже. Рейтингіге Қазақстаннан ОҚМУ-дан басқа 7 жоғары оқу орны еніп отыр. Сондай-ақ, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) 2016 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингін жария еткен болатын. Көпбейінді ЖОО рейтингінің қорытындысы бойынша биылғы жылы да жетекші ұлттық университеттер алдыңғы орыннан кө­рінді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірінші орынды бөліссе, алдыңғы жылдардағыдай М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универ­ситеті үшінші орынды иеленді. Біз аймақтық университет болсақ та, еліміздегі 129 жоғары оқу орындары ішінде үшінші орынды иленіп отырмыз. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі Ұлттық рейтингінің әдіснамасы ха­лықаралық сарапшылармен мақұлданған және жоғары сапа мен академиялық талдау обсерваториясы – ІREG Берлин принциптерінде көрсе­тілген стандарттарға сәй­кес келетіні, студенттердің үлге­рімі, сарапшылардың бағасы жә­не түлектерге жұмыс берген меке­мелердің пікірлеріне ерекше назар аударылатыны көп жайтты аң­ғартады. Тағы бір айта кететін нәрсе, оқу орны дамып келе жат­қан елдердің арсында 70-орынға көтеріліп отыр. Мұның өзі университеттің бүгінгі таңда бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлауда жоғары деңгейде екенін білдіреді. Қазіргі таңда университетте, жалпы жоғары оқу орындарында жасалып жатқан оң өзгерістердің бірі – академиялық ұтқырлық жүйесі. Академиялық ұтқырлық жеке даму мен еңбекке орналасу мүмкіндігі үшін маңызды және ол жан-жақтылыққа, сый­ластыққа тәрбиелейді, өзге мәде­ниеттерді игеруге мүмкіндік береді. Ол лингвистикалық плюрализм мен жоғары оқу орнының бәсекелестік қабілетін көтеруге ынталандырады. Академиялық ұтқырлық дәстүрлі шетелдік тағылымдардан ерекшеленеді, өйткені, біріншіден, студенттер шетелге оқуға белгілі шектеулі мерзімге ғана кеткенімен, оқу бір семестрден бір оқу жылына дейін созылады, екіншіден, мұндай тағылымдамада олар толыққанды білім алады, тек тілді меңгерумен немесе жекелеген пәндерді игерумен ғана шектелмейді, керісінше, толық семестр немесе жылдық курстан өтеді, осылайша студенттің білімі базалық жоғары оқу орнына қайтып келген сәттен жалғасып есептеледі. Сонымен қатар, университетте қос диплом бағдарламасы өте жақсы іске асырылуда. Жастарымыздың ғылымға қызығушылығы жыл сайы­н артып келеді. Оқу орнындағы студенттерді ғылымға баулу қолға алынған. Олар ғылыми жобаларға қатысып, ғылыми жұмыстармен айналысып келешекте еліміздің экономикасын дамытуға өз үлесін қосады деген сенімдеміз. Қанат БАЙБОЛОВ, М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу ісі және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры