• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2016

Ұйым миссиясынан оралды

124 рет
көрсетілді

Қазақстан Қарулы Күштерінің офицері подполковник Асқар Қожағалиев Батыс Сахарада (MINURSO) референдум өткізу кезінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөнінде ұйымдастырылған Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясынан оралды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстандық әскери қызметші тура бір жыл Африка елінде болды. Сол уақыт ішінде ол екі базада қызмет атқарды. Соның біреуіне командир болып тағайындалды. «БҰҰ-ның миссиясына қатыса отырып, мен қажетті тәжірибе жинақтадым және, әрине, алған біліміммен бөлісуге дайын­мын. Бұдан бұрын Батыс Сахара­дағы миссияларға қатысқан офицер­леріміз өздерін кәсіби және тә­жірибелі мамандар ретінде көрсете біл­ген болатын», – дейді Асқар Қожағалиев. Миссияда әскери бақылаушылар бел­гілі бір тапсырмаларды атқа­ра­­ды. Яғни, уақытша бітімнің сақ­та­­­лу­ын қадағалайды, бөлінген жа­­уа­п­кершілік аймақтарын патруль­дейді. Бір уақытта бір базада бірден әр мемлекеттің әскери қызметшілері болады. Асқар Қожағалиевтің айтуынша, кімнің қай елден келгеніне қарамастан, миссияға қатысушылар үнемі бір-бірлеріне демеу болып, қолдау көрсетуге және тапсырмаларды жұдырықтай жұмылған ұжым ре­тінде орындауға тырысады. Қазіргі уақытта Батыс Сахара (MINURSO) және Кот-д Ивуардағы (UNOCI) БҰҰ-ның миссияларына әскери бақылаушылар ретінде Қазақстан Қарулы Күштерінің төрт офицері қатысып жатқанын айта кеткен жөн.