Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның бизнес ахуалын әрі қарай жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кеңес барысында халықаралық сарапшылардың ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген және Дүниежүзілік банктің «Doing Business» тізіміндегі Қазақстан позициясын жақсартуға бағытталған жаңа заң шығару бастамаларының пакеті қарастырылды.
2016 жылғы 25 қазанда жарияланған «Doing Business» рейтингісінің нәтижесі бойынша Қазақстан өз рейтингін өткен жылмен салыстырғанда 16 орынға жоғарылатып, 35 орынды иеленді және Бельгия (42), Италия (50), Израиль (52), Грекия (61), Түркия (69) секілді ЭЫДҰ елдерінен жоғары орынға шықты.