2016 жылғы 2 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр Б.САҒЫНТАЕВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы
2 желтоқсандағы №755 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Тылдық қамтамасыз ету түрлері бойынша нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы №762 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., №23, 265-құжат).
2. «Қазақстандық бітімгершілік батальоны» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 маусымдағы №889 қаулысы.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жоғары әскери-теңіз училищесі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 шілдегі №922 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №26, 318-құжат).
4. «Құрлық әскерлері әскери институтының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы №659 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., №17, 193-құжат.
5. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы №276 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №12, 134-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік білім беру мекемелерінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қазандағы №1080 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №42, 447-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы №1153 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №44, 552-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 қарашадағы №1189 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №45, 565-құжат).
9. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын метрологиялық техникамен, қосалқы мүлікпен және жабдықпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы №1069 қаулысы.
10. «Жергілікті әскери басқару органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы №1232 қбпү қаулысы.
11. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет ел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы №806 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №37, 402-құжат).
12. «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы №44 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №8, 100-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери (жол) бөлімдері мен мекемелерін техникалық құралдармен, машиналармен, қондырғылармен және мүлікпен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 наурыздағы №217 қаулысы.
14. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын метрологиялық техникамен, қосалқы мүлікпен және жабдықпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы №1069 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №141 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №29, 387-құжат).
15. «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы №44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 тамыздағы №1029 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №65, 926-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аудандық пайдалану бөлімдерін техникамен және техникалық құралдармен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №1666 қаулысы.
17. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №219 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №20, 146-құжат).
18. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі №754 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №45, 436-құжат).