• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2016

24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

78 рет
көрсетілді

24 желтоқсан күні Қазақстан территориясының барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Қар, кей жерлерде тұман, көктайғақ және күшті жел күтіледі. Жауын-шашынсыз ауа райы оңтүстік-батыста болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі. Алматы облысының кей аумақтарын тұман басып, түнде жел 15-20 м/с-қа күшеюі ықтимал. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-25 м/с артады. Қызылорда облысының жекелеген жерлерінде көктайғақ болады. Атырау, Ақтөбе, Қарағанды  облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Батыс Қазақстан облысының кей бөліктерінде жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын мен 15-25 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі.