• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2016

ҚР инвестициялар және даму министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

158 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі болып Роман Скляр тағайындалды. Осыған байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жаңа вице-министр Роман Склярды ұжымға таныстырды, деп хабарлайды ведомствоның ресми өкілі Берік Уәли Фейсбуктағы парақшасында. Ол бұрынғы Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиевтің орнына келіп, көлік блогының қызметіне (Көлік комитеті, Автомобиль жолдары комитеті, Азаматтық авиация комитеті, Транзитті дамыту және көлік логистикасы департаменті) бақылау жасап, қызметін үйлестіріп отыратын болады. Естеріңізге сала кетейік, Роман Скляр бұған дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып қызмет атқарды.