• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2016

Мәсімов лаңкестікке қарсы тұру мәселелері бойынша кеңес өткізді

207 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Терроризмге қарсы орталығына (ТҚО) мүше мемлекеттік органдар басшылары және облыс әкімдері лаңкестікті қаржыландыру арналарын анықтау және бейтараптандыру бойынша бірлескен жұмыс тиімділігін арттыру шаралары мен жағдайын қарастырды. Сондай-ақ кеңес барысында ТҚО-ның  ағымдағы жылғы қызметінің нәтижелері қорытындыланды, терроризмге қарсы жалпы мемлекеттік жүйені одан әрі жетілдіру бойынша іс-шаралар енгізілген 2017 жылғы жұмыс жоспары келісілді.