• RUB:
    5.04
  • USD:
    487.42
  • EUR:
    531.39
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2016

Полициялардың аттестациядан өту тәртібі өзгертілді

149 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 жарлыққа өзгеріс енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Президент Қаулысы бойынша: 1.      «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 29, 363-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы үлгі ережесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2.      Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.