• RUB:
    5.04
  • USD:
    487.42
  • EUR:
    531.39
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2016

ЭКСПО көрмесінде Ұлыбританияның павильоны киіз үй кейпінде болады

142 рет
көрсетілді

Ұлыбритания өкілдері Астана ЭКСПО көрмесіндегі өз павильондарын киіз үй кейпінде безендіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы khabar.kz хабарлайды. «Біз британиялық компанияларға Қазақстанмен әріптестік орнатудың пайдасы көп екендігін жеткізгіміз келеді. Оның үстіне сіздердің елдеріңіз арқылы Ресей және Қытай сияқты алып мемлекеттердің нарығына шығуға үлкен мүмкіндік бар. 1851 жылғы бірінші көрмеге 6 млн-ға жуық адам қатысып, ұйымдастырушыларды пайдаға батырғаны белгілі. Келесі жылы Қазақстан да ЭКСПО өткізу арқылы біршама бағыттар бойынша табысқа жетуді жоспарлап отыр.  Ал британиялықтар әзірге кейбір ұйымдастыру мәселелері бойынша тіс жарғысы жоқ. Бірақ бір белгілісі, павильондарының сыртқы пішіні қазақтың киіз үйіне ұқсас болмақ», - деді Ұлыбританияның EXPO-2017 көрмесіндегі комиссары Чарльз Хендри.